ЖАНТӨРИН ТЕАТРЫ "САХНАДАН СӘЛЕМ" ФЕСТИВАЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ.

Астана қаласында  12-17 маусым күндері аралығында Ә.Мәмбетовтің 85 жылдығына арналған «Сахнадан сәлем!» V Халықаралық театр  фестивалі өтті.  Фестивалдің сарапшылар алқасы Қазақстандық және Шетелдік театр қайраткерлерінен құралды:

- Жуасбек Еркін – өнертану ғылымдарының кандидаты (Алматы, Қазақстан)

- Нина Мазур – театртанушы, театр сыншысы, драматург (Ганновер, Гермения)

- Талғат Теменов – Қазақстанның Халық артисі, театр және кино режиссері (Астана, Қазақстан)

- Лаша Чхартишвили – Өнертану ғылымдарының докторы, театр сыншысы (Тбилиси, Грузия)

- Анджелина Рошка – өнертану докторы, профессор, Молдова Республикасының өнер шебері (Кишинев, Молдова)

- Сания Қабдиева – ҚРның еңбек сіңірген қайраткері, профессор және театр сыншысы (Алматы, Қазақстан)

Фестиваль бағдарламасы бойынша халықаралық 10 театр өнер көрсетті:

 - Жастар театры (Астана қ.) «Асауға тұсау» комедия,

- Әзербайжан Мемлекеттік жас көрермендер театры (Баку қ.) «Соғыс» драма,

- Орынбор облыстық М.Горький атындағы Мемлекеттік драма театры (Орынбор қ.) «Махаббат пен Көгершіндер» комедия,

- Солтүстік Қазақстан облыстық С.Мұқанов атындағы қазақ музыкалық драма театры (Петропавл қ.) «Қасірет...» психологиялық драма,

- «Тунгуч» эксперименттік жастар театры (Бішкек қ.) «Илегилек» психологиялық драма,

- М.Горький атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс драма театры (Астана қ.) «Мәңгүрт. Мәңгілік құл» мистерия,

- Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы қазақ музыкалық драма театры (Ақтау қ.) «Шыңырау» драма,

- Жамбыл облыстық орыс драма театры (Тараз қ.) «Дон Жуан» комедия,

- Санкт-Петербург қалалық А.А.Брянцева атындағы Мемлекеттік жас көрермендер театры (Санкт-Петербург қ.) «Құндақтаулы адам» драма,

- Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік Академиялық қазақ музыкалық драма театры (Астана қ.) «Қараш-Қараш» драма спектаклдерімен көрерменге жол тартты.  

Астана төрінде өткен аталмыш фестиваль аясында Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы қазақ музыкалық драма театры Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесінің желісі бойынша Саха Республикасының режиссеры Быйаман Уола Сэргэ Обокуун қойған «Шыңырау» спектаклiн көпшiлiк назарына ұсынды.

«Шыңырау» спектаклі М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында (Астана қ.) 14 маусым күні сағат 15.00-де көрсетілген болатын. Қойылым көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, сарапшылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

 Атап өтетін жайт, Н.Жантөрин театрының ұжымы «Сахнадан сәлем!»   Халықаралық театр  фестиваліне осымен үшінші рет қатысып отыр. 

Жарияланған күні: 0
Оқылған саны: 6803



27 наурыз 2016

Халықаралық театр күні

14 наурыз 2016

Қазақстанның батыс өңірі 14-ші наурыз күнін «Амал мерекесі», көрісетін күн деп ұлықтайды

18 қараша 2015

​Заключение V Международного театрального фестиваля стран Центральной Азии

17 қараша 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы

 

Анықтама ақпараты

Касса: 60-10-04

Жалпы сұрақтар: 60-10-03

*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы

Вы можете приобрести билеты онлайн

 

 

>